Қазіргізаманда болып жатқан экномикалық, саяси, ақпараттық, мәдени және діни кеңістіктің жаһандануы әлемдік үрдістердің маңызды факторы болып табылады. Бұл құбылыс жағымды аспектілермен қатар белгілі бір негативті жағдайларғадаәкеледі. Адамзат өткен ғасырдағы қырғи-қабақ соғыс кезеңінің қорқыныштарын басынан кешіріп, енді тыныштық заманға қол созып отырғанда, тағыда бір жаңа бүкіләлемдік мәселемен бетпе-бет келіп отыр. Қазіргі әлемнің алдындағы өзекті мәселелердің бірі халықаралық экстремизм мен терроризм. Ғылым мен технология дамудың шырқау шегіне шыққанына қарамастан, қоғам экстремизм және терроризм мәселесімен жиі кезігуде. Экстремизм мен терроризмнің халықаралық мәселе деңгейіне көтерілуі бүгін ғана орын алып отырған жоқ. Себебі, экстремизи мен терроризм өткен ғасырларда-ақ қолданбалы қару ретінде рөл атқарған болатын. Әсіресе...