Павлодар облысында жоғары шенді полицей ұсталды. Бұл туралы ресми сауалға берген жауабында Ішкі істер министрлігі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"ІІМ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзара ынтымақтастық туралы қол қойылған меморандум аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бірлесіп, бюджет қаражатын жымқыру күдігі бойынша облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары ұсталғанын растайды", - делінген сауалға жауапта.
Ішкі істер министрлігі мәліметінше, бірлескен жедел-тергеу тобы құрылған. ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі бойынша соталды тергеу басталған. Тергеу мүддесіне қатысты басқа мәлімет жарияланбайды.
Айта кетейік, бұған дейін ішкі істер министрі Марат Ахметжанов пен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектенов сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!