IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинді осы дивизиондағы WBA Super белбеуінің иегері Риота Муратамен жекпе-жек алдында туған күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Бүгін, 8 сәуірде Қазақстан боксының жұлдызы 40 жасқа толды. Геннадийдің інісі Максим де құттықтаулар алды.
"Arigato ありがとう Thank you! Рақмет! Спасибо!" - деп қазақстандық құттықтауларға жауап берді.
Arigato ありがとう Thank you! Рақмет! Спасибо! pic.twitter.com/Eia83MucpG
— Gennadiy Golovkin (@GGGBoxing) April 8, 2022
フェイスオフの後、この日、40歳の誕生日を迎えたゴロフキンに花束が贈られ、村田が拍手。この瞬間だけ、緊張感が和らぎました。#村田諒太 #ゴロフキン pic.twitter.com/eT4RTc3iTn— 塩谷耕吾 (@kogo_shioya) April 8, 2022
Еске салайық, бұған дейін Головкин мен Мурата салмақ өлшеу рәсімінен өткен болатын. Екі боксшы да орта дивизиондағы салмақ шегін орындады. Орташа салмақ шегі - 160 фунт немесе шамамен 72,5 келі.
Жекпе-жек 9 сәуірде Сайтамада өтеді және Головкинге тиесілі IBF және IBO әлем чемпионы титулдары мен Муратаға тиесілі WBA Super белбеуі сарапқа салынады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!