Біздің ауыл Ақсайдың қақ басында,Күміс жүген судырар ат басында...
(Қазақ ауылының өлеңі)
Көксайдың бойуун этектеп
Мен коноюн, Бекбекей.Қара мақмал тонуңа
Жен болоюн, Бекбекей...
(Қырғыз айылының ыры)
1
Біздің ауылды Ақсай дейді. Ал ел аузында Ақсаймен қатар Көксай да көп аталады. «Ау, мұның Ақсайы біздің ауыл болғанда, Көксайы қай жақта!» — деуші едім өзіме өзім.
Көп ұзамай Көксайды да көрдік.
Айша мені ерте оятты. Соғыстың үшінші жылына аяқ басып бара жатқан кез. Құдайға шүкір, бала болсақ та ерте оянуға үйренгенбіз. Қанша айтқанмен, таңғы тәтті ұйқыны қиып түрегелу ауыр-ақ.
— Тұр, Барсхан, Қорғанбайдың апасы келді, — деді Айша.
«Қорғанбайдың апасы»...