АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 24 қаңтардағы жағдай бойынша Алматыда коронавирустық инфекцияның 205 667 жағдайы тіркелген, оның ішінде 180 006-сы симптомды және 25 661-і симптомсыз, 2 910-ы анықталмаған пневмония. Бұл туралы қалалық штаб отырысында Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.