XXXII Жазғы Олимпиада ойындары 2021 жылы 23 шілде мен 9 тамыз аралығында Жапонияда өтеді. Коронавирус пандемиясына байланысты Халықаралық Олимпиада комитеті 2020 жылдың 24 наурызында Олимпиаданы "2020" жазуын сақтай отыра бір жылға кейінге шегерілгені туралы хабарлады. Бастапқыда Токио Олимпиадасы 2020 жылдың 24 шілде мен 8 тамыз аралығына жоспарланған.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, алдағы Олимпиада бұрын-соңды болмаған ең инновациалық Олимпиада болады.
Олимпиадада 33 спорт түрінен 339 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Токио Олимпиадасына жаңадан бес спорт түрі енді. Олар: бейсбол/софтбол, каратэ, серфинг, спорттық құзға өрмелеу және скейтбординг.
206 ҰОК-тен 11090 спортшы қатысады деп жоспарланған. Спортшылардың 49%-ы әйелдер болмақ. Ол гендерлік теңдікті білдіреді.
Орындаған: Кәрім...