Шоқпарбас плаун ( Lycopodoum clavatum L.- Плаун булавовидный) — мәңгі көгеріп тұратын, биіктігі 1,5 метрге жететін, споралы өсімдік. Сабағы жерге төселіп, жайыла өседі де, біртіндеп бұтақтанып жоғары көтеріледі. Сопақша келген жіңішке жапырақтарының ұшында ұзын әрі өткір ақ түсті шаш сияқты зат, ал бұтақтарының ұшында 3-4 споралы масақшалар бар. Осы масақшалардан шілде айының аяғында су жұқпайтын ұнтақ сияқты сары түсті споралар төгіледі. Шоқпарбас плаун таулы және тасты жерлерде, аршалы тоғайлардың ішінде, бұталардың арасында, орманды жерлерде өседі.
Дәрі жасау үшін шоқпарбас плаунның жас бұтақтарын және спораларын жинап алады. Бұл үшін плаунның бұтақшаларын қайшымен қиып алып, қағаз қапшықтарға салады да, жабық үйдің ішінде...