НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Былтыр Аустралиядағы қысқаметражды фильмдер байқауында туындысы үшінші орын алған қазақстандық студент АҚШ-тағы оқуына жете алмай жүр. Жас режиссер коронавирус пандемиясы жоспарын түбегейлі өзгерткенін айтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.