НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада коронавирусқа қарсы 100-ден астам егу пункті ашылды. Олардың арасында ірі сауда-ойын-сауық орталықтары мен МСАК мекемелері бар. Елордалық «Керуен» СОО-да егу пункті ашылған күннен бастап КВИ-ға қарсы вакцинаны 120 адам алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.