Студент: Уразбаева А. У. Ғылыми жетекші: Саим Л. Н.
«Облыстық фтизиопульмонология орталығында емделетін пациенттердің туысқандарының туберкулез ауруы жөнінде ақпараттандыру деңгейі»
Қызылорда облыстық фтизиопульмонологиялық орталығы
Қызылорда медициналық жоғары колледжі
Кілт сөздер: туберкулез ауруы,туберкулезбен ауыратын пациенттерге күтім,күтім ерекшеліктері,ақпараттандырылу деңгейін бағалау,шетелдік тәжірибе.
Тақырыптың өзектілігі: Туберкулез әрдайым адамзаттың ең өзекті мәселелерінің бірі болды. Туберкулез проблемасының өзектілігі-бұл ауру тек медициналық проблема ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік мәселе болып табылады, өйткені туберкулездің даму қаупінің факторлары жас-жыныстық, медициналық-биологиялық, эпидемиологиялық, әлеуметтік-кәсіптік және әлеуметтік-гигиеналық болып табылады.
Осындай конфликтілердің қандай жағдайларда жиі пайда болуы себебіне төмендегі әлемдік статистикалық мәліметтерді келтіретін болсақ. Туберкулез-қауіпті жұқпалы ауру, онда көбінесе тыныс алу мүшелері...