Нидерланды мен Бельгия ғалымдары коронавирус жұқтырған кезде ағзада маңызды рөл атқаратын дәруменді атады. Ауыру кезінде ағзада дәрумен тапшылығы болса кенеттен қайтыс болу қаупі бар. Ғалымдар пікірінше, К витаминінің жетіспеушілігі CОVID-19 жұқтыру кезінде тамырлардың икемділігінің төмендеуі түрлі асқынуларды тудырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Известия" басылымына сілтеме жасап.
Зерттеушілер коронавирус жұқтырған кезде К дәруменінің маңызын атап өтті. Ол талшықтарды бұзылудан қорғауды қамтамасыз ететін MGP ақуызының қызметіне жауап береді. Сарапшылар К дәрумені жетіспеушілігі COVID-19 кезінде өкпенің қатты зақымдалуына әкелетін маңызды факторлардың бірі деп санайды.
Сонымен қатар, К дәрумені жетіспеушілігі қан тамырларының зақымдалуына және тромбоздың пайда болуына әкеледі, бұл ауыр асқынуға және коронавирус кезінде кенеттен қайтыс болу жағдайына әкеледі.
Денеде К витаминның қажетті мөлшерін сақтау үшін көбірек көкөністерді, майлы ірімшік, сүт пен май жеуге кеңес берді.
Айта кетейік, бұған дейін COVID-19 жүқтырғаннан кейін кейбір адамдар ауа-райына тәуелді болады деп хабарланған. Дәрігерлер ауа-райының күрт өзгеруі ағзаға әсерін азайтып, стресс деңгейін бақылауға мүмкіндік беретінін айтты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!