НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Спутник V вакцинасымен қатар Қазақстанның Qaz Covid-in вакцинасы да дайын болып қалды. Ендеше шетелден сатып алмай, неліктен отандық вакцинаны халыққа сала бермедік? Бүгінгі онлайн конференция барысында тілшілердің бірінің осындай сұрағына ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің вакцинаға көнетін инфекцияларды бақылау басқармасының басшысы Нұршай Әзімбаева жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.