ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Елімізде партиялар арасындағы сайлау науқанының үгіт-насихат жұмыстары қыза түсті. Жер-жерлерде халықпен кездесулер өткізілуде. Бұл сайлау бұрынғы сайлаулардан өзгеше. Елімізде тұңғыш рет қолданысқа енгізілген праймеризден бастау алған саяси науқан да аяғына тақап келеді. Осы ретте Түркістан қаласының тұрғыны, белгілі профессор Сейдолла Садықовпен сұхбаттасып, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы туралы ойын білген едік.