Үлкен киіз үйдің есігіне жақындай беріп, Алтын əжей кілт тоқтады. Əжесінің етегінен ұстап, біресе секіріп, біресе томпаңдап жүгіріп келе жатқан Серік үйге бұрынырақ кіріп кеткен.
— Тұңғышың ба?
Əжей есікке жақындай түсті. Танып тұр, дауыс əлгінде келген қонақтікі. Келініне қарап еді, ол біраз үнсіз төмен қарап қызарақтап отырды да, басынизеді. Əжей селкете қалды. Өз көзіне өзі сенер емес. Шынымен, Серікті ұлым деді ме? Əжейдің бар ашуы басына шапты. Ыза буған ол енді бұрылып жүрем дегенде, табалдырық алдында оны-мұны шоқып жүрген шұбар балапан шошып кетіп, төрге қарай зытты. Шиқылдаған бойы дастарқан үстіндегі шыны сауытқа салынған сарымайды бір басып секіре қонақтың...