Сүлеймен пайғамбар жанжануардың тілін білетін. Сиырдың мөңірегенінен, есектің ақырғанынан, қарағанынан не айтып тұрғанын біліп қоятын.
Бір кісі Сүлеймен пайғамбарға өтініш айтып: «Жануардың тілін үйретші», — деп жалынды. Бірнеше айдан соң үйреніп алды.
Әлгі кісі үйіне келіп, қораның сыртынан тыңдады. Сөйтсе, есек пен өгіз сөйлесіп жатыр екен.
Есек:
— Өгіз, бауырым, халің қалай? — дейді.
Өгіз:
— Ауыр жұмыстан шаршадым. Қожайыным мені аямайды, — деп ыңырсиды.
Есек оған ақыл айтады:
— Сен бүгін шөп берсе — жеме, су берсе — ішпе. Ауырып қалған екен деп, жұмыстан қалдырады, — дейді.
Өгіз айтқанды орындайды. Шөп те жемей, су да ішпей жатып алады. Екеуінің...