АЯГӨЗ. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының Аягөз қаласында орналасқан Балалар арнайы әлеуметтік көмек көрсету орталығына осыған дейін сан мәрте тексеріс жүргізілді. Қазір ондағы олқылықтардың орны толықтырылған. Бұл мақсатта 139,5 млн теңге жұмсалыпты. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 51 камера қойылып, ойын алаңы да абаттандырылған. Жуықта арнайы құрылған қоғамдық комиссия мүшелері орталыққа барып, бүгінгі ахуалды бақылап қайтты.