НҰР-CҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Мәжілісі тұрақты комитеттерінің бір төрағасы мен екі хатшысы парламенттік оппозиция депутаттары арасынан сайланады. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлау туралы үндеуінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.