НҰР-CҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алдағы сайлау конституциялық мерзімге сәйкес, 2021 жылдың 10 қаңтарында өтеді. Барлық саяси партиялардың бұл сайлау науқанына қатысуға дайындалуына, сайлау алдындағы платформасын әзірлеуіне, партиялық инфрақұрылымдарды жетілдіруіне уақыты жеткілікті болды. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауы туралы үндеуінде айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.