Мінезсіз адам жоқ. Десек те, бәрі бірдей «мінезді адам екенсің»-деп мақтау ести бермейді. Қандай да бір істі бастаса, сол үшін қасқайып тұрып соңына дейін күресетін, «жаным- арымның садағасы»-деп санап, тиімділік үшін арынан аттамайтын адамдарды «мінезді екен», «мінезді адам»-деп таңғалып әрі сескеніп жатады. Меніңше, мінезді адам болудың өзі алыптық. Қазақ интелегенциясының көсемі: «халқыңа қызмет ету-білімнен емес мінезден»- деген. Әлихан Нұрмұхаметұлының өз саналы ғұмырын халқының жарқын болашағы үшін сарп етуі мінезділіктен деп білемін. Талай білімділер елі үшін сөз бастай алмаған қоғамда, соңынан ергендерге жол сілтеп, елі үшін қасқайып қарсы тұра алғандығының өзі осыған дәлел.
«Мінезсіз қаламгерден мінезді дүние шықпайды.» Ғабдул-Ғазиз Есембаевтың ой...