ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістанда «Түркілер төрі Түркістан» атты халықаралық онлайн конференция өтті. Шараға Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан және Қазақстанның алты өңірінен атақты ғалымдар, танымал ақын-жазушылар мен белгілі тарихшылар, журналистер мен мәдениет саласының мамандары қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.