АЛМАТЫ. ҚазАқпарат –Жауапкершілігі мол, күрделі кәсіптердің қатарына орманшы мамандығы кіреді. Орманшының еңбегі оңай емес. Оған тек төзімді, сабырлы, табиғатты аялай алатын адамға ғана барады. Солардың қатарында Іле Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің орманшысы Райхан Мұхаметжанова бар. Орманшы әйел ҚазАқпарат тілшісіне мамандығы туралы айтып берді.