НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - SARS-CoV-2 коронавирус індеті тудыратын COVID-19 өкпе ауруы індеті бүкіл әлемде 800 мыңнан астам адамның өмірін жалмады. Мұндай дерек Американың Джонс Хопкинс университеті 22 тамыз, сенбі күні жариялаған мәліметтерде келтірілген. Аталған аурумен қайтыс болған пациенттердің 25 пайызға жуығы (175 467-сі) Құрама Штаттарының тұрғындары, деп хабарлайды ҚазАқпарат dw.com порталына сілтеме жасап.