НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының тапсырмасымен ҚР ІІМ Алматы облысы Гүлдала ауылының аумағында «Fokker-100» жолаушылар әуе кемесінің апатқа ұшырау фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабының 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.