Шу өзенінің бас жағын мекендейтін ұлы жүзден шыққан орта шаруасы бар бір адам мұқтажсыз өмір сүріпті. Ақкөңіл, қолы ашық болғандықтан ауылдастары оны «Жомарт» атап кетіпті. Бірақ баласы болмай, соған қатты ренжиді екен. Жасы елуге аяқ басқан соң мұрагерлерден де үміт үзіп, Құдай салғанды көріп, жата береді. Жұбайы да қарапайым, жолдасының айтқанын екі етпей, тату-тәтті өмір өткізеді.
Қоян жылы келгенде үлкен жұт болып, елдегі мал біткеннің бәрі қырылып, халық ашаршылыққа, босқыншылыққа ұшырайды. Мұндай жағдай Жомартқа да жақсылық әкелмейді. Көктемге салым оның да қысып ұстап отырған бірді-екілі тұяғы шөбі болмағандықтан опат болып кетеді. Ол бала орнына жас малды: бұзау, қозы, бота, құлындарды...