Ықыластың бұл күйіне де өткен заман оқиғасы арқау болған.
Ертеректе Ақшахан деген хан болған екен. Айналада анталаған жауы көп, ат үстінде күн кешер жортуылы мол заман болса керек. Күндердің бір күнінде ел тағдыры сынға түскен, ердің басы бәйгіге тігілген ұлы сүргін, жаугершілік болыпты. Сонда жауды жеңіп, жалауы желбіреп қайтқан Ақшахан көзге түскен батырлардың басын қосып, той жасап, сый-сияпат көрсетеді. Осы бас қосуды Айрауыққа айрықша ықылас көрсеткен хан: «Айрауық сен — ел еркесісің, қашан көзім жұмылғанша бетіңнен қақпаймын», — деп, жұрт алдында жария етіп еді дейді.
Сол кезде Ақшаханның бой жетіп, толықсып отырған жалғыз қызы болады екен. Айрауықтың осы қызға көңілі...