Бір жылы ел жазылып жайлауға шығып, төрт түлік мал Арқаның апай төсіне тұяқ іліктірген кезде Түсіпбектің үйіне әдеттегідей Әупік пен Нақып бастаған Дәулеттің ағайындары келеді. Қадірлі қонақтарына Түсіпбектің үй іші жайылып жастық, иіліп төсек болып, жандары қалмай күтеді. Түсіпбек қобызын сирек ұстайтын адам екен. Бірақ сыйлы қонақтарының көңілі үшін қобызын алдырып, әдеттегідей інісі Ақынбайға құлақ күйін келтіртеді, шайырын жаққызып баптатып алады.
Түсіпбек қобыз алдыртқаннан-ақ үй төңірегіндегі бала-шағаның дабырын тыйып, үй ішіндегілер тиісті орындарына жайғасып тыныштық сақтайды. Тек қана босаға жақта тұғырда отырған бүркіт «қияқ-қияқ» деп шақырып, тыныштықты бұзғандай болады. Ақынбай кіржің етіп: «Қолбала емес, түзден алған құс еді, қайыруға көнбей...