Әбіш Кекілбаев қасиетті қазақ үшін мол мұра қалдырған ұлы жазушы.
«Жазушының тілінде де, ділінде де мін жоқ. Қашанда сергек, қашанда сезімтал, бәйгенің алдынан ғана келетін тұлпарларға ұқсатам мен Әбішті. Ал аспанға қарасам оның жұлдызын оңай танимын. Оның жұлдызы сол Әуезов, сол Шолохов, сол Айтматов, сол Нұрпейісов жұлдыздарымен қатар тұр. Ол да жарық жұлдыз, мәңгі жанатын жұлдыз»
Тұманбай Молдағалиев.
Қазақ дейтін тұғыры биік, қабілетті-қаһарман, тарихы мол халықтың тұлпар тектес тұрқымен, бойында батылдығы басым, рухты азаматтары қашан да болмасын тек елі үшін еңбек ететінін сонау тарих беттерінен білеміз. Сол ұлы тұлғалардың қатарына, әңгімеме арқау болған Әбіш Кекілбаевты зор мақтанышпен жатқызған болар едім. Әңгімемнің әлқиссасы, қазақ әдебиетінің әлем кеңестігіне танылуына зор үлес қосып,...