Ресей, Украина, Франция мен Германия басшылары «Норманд» тобы форматында жариялаған ортақ мәлімдемеде атысты тоқтату бітімін толық орындауға, барлық тұтқындармен алмасып, Украинаның шығысындағы Минск келісімдерін жүзеге асыруға келісті. Бұл туралы "Irna" агенттігі хабарлады.