Ол өзінің жалғыздығына қатты налып, мұңая ойланды. Айдалада елсіз-күнсіз жерде жападан-жалғыз, жеке, оқшау өскенін соңғы күндері қатты уайымдап жүр. Биыл ылғал өткен жылғыдай мол емес. Ауа райы құрғақшылыққа өте бейім болып тұр. Соңғы кездері күн мүлдем ысып кетті. Қара тал қинала күрсінді.
— Шіркін-ай, күн нөсерлетіп жауып берсе ғой! — деп қиялдады. Жапырақтары мүлдем жүдеп, реңдері солғын тарта бастағандай болды.
«Су, су, су!» деп әр жапырақ әр тұстан әлсіз күңкілдескендей, жан-жаққа телміре қарады. Алыстан бұраңдап аққан өзеннің ағараңдаған бейнесі назарға шалынады.
Бүгін Мейірбектің қуанышы қойнына сияр емес. Әкесі дүкеннен су жаңа велосипед сатып әперді. Өзінің әдемілігі қандай! «Орленок» деп алтындап...