Қазіргі таңдағы өсіп келе жатқан жастар тәрбиесі өзекті мәселе болып саналады. Жастардың тәрбиесі түсініксіз, ия, барлығы тәрбие көрген көзі ашық жандар. Бірақ осы тәрбиеге келгенде осал жерлері өте көп, ата-аналары өте жақсы тәрбие берген бірақ, соны дұрыс көрсете алмай жататыны мәлім. Неге? – деген сұрақ қойсақ - заманға сай болу керек, қазір заман басқа деп өздеріне мүлдем басқа әлем жасап алады. Жиырма бірінші ғасыр қазір заман басқа дейді, заман өз орнында, адамдар басқа. Жылдан жылға жастардың жүріс-тұрыстары, сөз саптауы төмендеу үстінде. Жай көшеде кетіп бара жатып, сөйлеген сөздері, құлағыңның құрышын қандырып сай-салаға естіліп жатады. Бұның өзі тәрбиенің нашарлығы болып саналады....