18-22 қараша аралығында Атырау облысы әкімдігінін қолдауымен Облыстық мәдениет,архивтер және құжаттама басқармасы,Махамбет атындағы Академиялық қазақ драма театры және Р.Отарбаев атындағы «Руханият» қорынын ұйымдастыруымен Р.Отарбаев атындағы III Республикалық театр фестивалі өтті.
Жазушы драматург,Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық Шыңғыс Айтматов атындағы академиясының академигі,Парасат орденінің иегері Рахымжан Отарбаев атындағы Республикалық драма театрлар фестивалі биыл үшінші жыл дәстүрлі түрде өткізіліп отыр.Фестивальге еліміздің әр аймағынан келген тоғыз театр ұжымы өз өнерлерін көрсетті.
Таласқа түскен бұл байқауда, Асанәлі Әшімов бастаған әділ қазылар алқасы бас жүлде мен 1 млн теңге сыйақыны Отарбаевтың «Жалғыздық» спектаклі үшін Махамбет атындағы Атырау облыстық академиялық қазақ драма театрына берді. Бірінші орынды...