НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Дипломды басып шығарып, тарата беретін конторға айналған жекеменшік жоғары оқу орындарына ең қатал шаралар қабылдануы тиіс. Бұл туралы бүгін Жастар жылының жабылу және Волонтер жылының ашылу салтанатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.