НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл Қазақстан Жазушылар одағының құрылғанына 85 жыл толып отыр. Одақ Алматы қаласында орналасқаны көпке мәлім. Қаламгерлер ұйымы қанатын жайып, елордада филиалы ашылып жатыр. Айтулы датаға орай Қазақстан Жазушылар одағы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ақын, әдебиеттанушы Дәулеткерей Кәпұлымен әдебиеттің бүгіні мен ертеңге беталысы, филиалдың алдағы уақытқа жоспары жайлы аз-кем әңгімелесіп қайтқан едік...