НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылдың қаңтарынан бакалавриат, магистратура және докторантура студенттерінің шәкіртақысын 25 пайызға көтеріледі. Бұл туралы бүгін Жастар жылының жабылу және Волонтер жылының ашылу салтанатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.