ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан қаласында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтті. Жиында атаулы әлеуметтік көмек көрсетудегі соңғы мәліметтер мен бұл тұста орын алған олқылықтар талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.