Алматы - Өскемен тасжолында жаппай жол апаты салдарынан үш адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тасжолдың 182-шақырымында алты автокөлік соқтығысты. Toyota Land Cruiser, екі Mercedes-Benz, BMW, Mazda және "Нива" көліктері соқтығысты. "Барлық көліктер Алматыға қарай бет алған, алайда бірінің артынан бірі соқтығысқан. Алдын ала мәлімет бойынша, үш адам зардап шекті, олар Сарыөзек ауылының ауруханасына жеткізілді", - делінген хабарламада.
Оқиға орнында полицейлер жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от kris_p_almaty (@kris_p_almaty) 7 Дек 2019 в 3:21 PST