Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстанда маусымнан бастап “Америка мен Еуропадағыдай“ төлемдер түсе бастайды: министрлік түсіндірмесі

Маусым-шілде айларында қазақстандық авторлар мен продюсерлерге QazCopyright цифрлық платформасының арқасында музыканы пайдаланғаны үшін алғашқы төлемдер түсе бастайды. Бұл туралы әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengri Life.
Оның айтуынша, жаңа ақпараттық жүйе бұған дейін іс жүзінде жұмыс істемеген авторлық сыйақы саласын ашық етуге бағытталған.

"QazCopyright - бұл ақпараттық жүйе. Америка мен Еуропада продюсерлер әндерінің бір жерде орындалғаны үшін ақша алады. Бізде, өкінішке қарай, мұның бәрі тек қағаз жүзінде ғана болды. Біз әртістеріміз бен продюсерлеріміздің шамамен 30 миллиард теңгеге жуық қаражатты ала алмай келгенін көріп отырмыз", - деді Молдабеков Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Ол жүйенің музыкалық шығармалардың пайдаланылуын нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

"Енді жүйе ашық: ән теледидардан немесе радиодан неше рет қойылғанын әртіс мобильді қосымша арқылы көре алады", - деп түсіндірді вице-министр.

Оның сөзінше, жоба биылғы қаңтарда іске қосылған, ал құқық иелеріне алғашқы төлемдер жазда түседі деп күтіледі.

"Біз мұны қаңтардан бастап іске қостық. Маусым-шілде айларында, тоқсан аяқталып, барлық есептер түскен кезде алғашқы төлемдер жасалады деп күтіп отырмыз", - деді ол.

Болашақта жүйенің функционалын кеңейту жоспарланған.

"Келесі жылы теледидар мен радиодан бөлек, барларды, караокелерді, мейрамханаларды және т.б. нысандарды қоспақшымыз. Әрбір ән монетизациялануға тиіс", - деді Молдабеков.

Әділет министрлігі бұл автоматтандыру роялти (меншікті немесе өнімді пайдаланғаны үшін құқық иеленушіге төленетін тұрақты төлемдер - ред. ескертпесі) есептеуге қатысты дауларды азайтып, авторлар мен контентті пайдаланушылар арасындағы байланысты ашық ететініне сенімді.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus