Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстандықтар “айыппұл“ төлегенде бүкіл ақшасынан айырылып қалуы мүмкін: себебі айтылды

Полиция қазақстандықтарға eGov.kz электронды үкімет порталын пайдалану арқылы жасалатын алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Схема қалай жұмыс істейді?
Абай облыстық ПД мәліметінше, қаскөйлер жеке мәліметтерді иемдену үшін азаматтардың мемлекеттік қызметтерге сенімін теріс пайдалануды бастаған. Мобильді телефондарға мемлекеттік байланыс орталығының ресми нөмірінен келгендей хабарламалар түседі. Онда айыппұл салынғаны туралы айтылып, оны тексеру немесе төлеу үшін сілтеме арқылы өту ұсынылады.
Сілтеме eGov ресми порталына ұқсас болғанымен, шын мәнінде жалған сайтқа бағыттайды. Кез келген көлік нөмірін немесе ЖСН енгізген кезде жүйе пайдаланушының сеніміне кіру үшін айыппұл туралы жалған ақпаратты автоматты түрде шығарады. "Төлеу" батырмасын басқанда, сайт банк картасының толық деректерін сұрайды, кейін алаяқтар бұл мәліметтерді қаражатты заңсыз жымқыру үшін пайдаланады.
Фото: polisia.kz

"Алаяқтықтың басты белгісі қате деректерді енгізген кезде де жүйе "айыппұлдың" барын көрсетеді. Бұл - азаматтарды шатастырып, "айыппұлды" тез арада төлеуге итермелеуге бағытталған психологиялық әдіс", - делінген хабарламада.

Полиция мемлекеттік органдардың SMS арқылы жеке немесе банк деректерін сұрамайтынын ескертеді. Айыппұлдарды тек сенімді ресми платформалар арқылы ғана тексеруге болады.
Қазақстандықтарға арналған ұсынымдар

Күдікті сілтемелерге өтпеңіз.
Бейтаныс сайттарға жеке деректеріңізді енгізбеңіз.
Айыппұлды тез арада төлеуді талап ететін хабарламаларға сенбеңіз.
Күмәнданған жағдайда құқық қорғау органдарына хабарласыңыз.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus