Ақтөбедегі ХҚКО-да “көмекшілердің“ өз кабинеттері болған - ұстау сәтінің видеосы
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында қылмыстық схема ұйымдастырған бір топ тұлғаның жолын кесті.
Жедел мәліметтер бойынша, олар ХҚКО-ның жалға алынған бірнеше кабинетінде сыйақы үшін жалған құжаттарды пайдалана отырып, шетелдіктерді тіркеу бойынша делдалдық қызмет көрсеткен.
"Аталған тұлғалар Орталық Азия елдерінен келген шетелдіктерге заңсыз құжат рәсімдеумен айналысқаны анықталды", - делінген полиция хабарламасында.
Жалған құжаттарды дайындау, қолдан жасау және өткізу фактілері бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында тергеу амалдары жалғасып жатыр.