Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Алматыда Тұңғыш Президент саябағы маңындағы жаяу жүргіншілер көпірі “қирай“ бастады

Алматы тұрғындары Тұңғыш Президент саябағы маңындағы көпірдің жағдайына алаңдаулы. Бостандық ауданының әкімдігі жағдайға қатысты пікір берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Не болған?
Желіде әл-Фараби даңғылы мен Дулати көшесі қиылысындағы жерүсті жаяу жүргіншілер өткелінің фотосы пайда болды. Суретте көпірдегі тесік анық көрінеді.
Пікір қалдырушылар бұл көпірмен өту қауіпті болып кеткенін айтып жатыр.

"Көпірдегі тесіктерден жолда өтіп бара жатқан көліктер көрінеді. Көпірді нығайтты - енді бұрынғыдай қатты шайқалмайды, бірақ мына тесіктер... Одан өту әлі де қорқынышты", – деп жазады алматылықтар.

Кадрлар
Біз жағдайды анықтау үшін аталған көпірді барып көрдік.Іс жүзінде оның жағдайы қауіпсіздік талаптарынан өте алыс болып шықты: конструкцияда тесіктер бар, кей жерлерінде жабыны бұзылған, ал зақымдалған тұстарынан төменгі жағы көрініп тұр.



Біз көлемі әртүрлі кем дегенде 10 тесікті санадық.


Кейбір жерлерде жаяу жүргіншілер үшін қауіп төндіруі мүмкін саңылаулар бар.

Барлық қиындыққа қарамастан, адамдар көпірді белсенді пайдалануды жалғастырып жатыр. Бірі жұмысқа асықса, бірі баласын жетелеп барады, енді бірі конструкцияның жағдайына мән берместен өтіп жатыр.


Әкімдіктің жауабы: 15 жыл бойы күрделі жөндеу көрмеген
Редакция түсініктеме алу үшін Алматы әкімдігіне жүгінді. Бостандық ауданы әкімінің аппараты көпірдің 2011 жылы салынғанын және содан бері бірде-бір рет күрделі жөндеуден өтпегенін хабарлады.

"2026 жылы әкім аппаратының тапсырысы бойынша нысанды жөндеуден өткізу үшін дайындық жұмыстары басталды. Оны 2026 жылдың үшінші тоқсанының соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр", – деп хабарлады баспасөз қызметі.

Көпірдің несі дұрыс емес?2025 жылдың қарашасында Tengrinews.kz тілшілері қалалық жерүсті өткелдеріне инспекция жүргізіп, бірқатар жүйелі мәселені анықтаған болатын.
Алматыдағы Тұңғыш Президент саябағының қарсысындағы көпір / 2025 жылғы қараша / Фото © Tengrinews.kz / Болат АйтмолдаАтап айтқанда, Тұңғыш Президент саябағының қарсысындағы өткел сол кездің өзінде тозған болатын: кей жерлерде көпірге апаратын баспалдақтар шөгіп кеткен, ал металл бөліктерінде тот пайда болған. Жалпы, көпір қараусыз қалып, мүжіліп бара жатқандай көрінетін.
Алматыдағы Тұңғыш Президент саябағының қарсысындағы көпір / 2025 жылғы қараша / Фото © Tengrinews.kz / Болат АйтмолдаАлматыдағы Тұңғыш Президент саябағының қарсысындағы көпір / 2025 жылғы қараша / Фото © Tengrinews.kz / Болат АйтмолдаБұдан бөлек, ол мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін мүлдем қолжетімсіз болып шықты:

лифтілерге баратын жолға қиыршық тас төгілген;лифтілер жұмыс істемеді, шаң басып қалған немесе қоқысқа толған;шыны қоршаулар ұзақ уақыт бойы тазаланбаған.

Алматыдағы Тұңғыш Президент саябағының қарсысындағы көпір / 2025 жылғы қараша / Фото © Tengrinews.kz / Болат АйтмолдаСол кезде әкімдіктегілер саябақ маңындағы екі өткел Тұңғыш Президент саябағының өзін күрделі жөндеу аясында жаңартылатынын мәлімдеген еді.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus