Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Таяу Шығыстағы ахуал: Қазақстанда доллар қайта қымбаттады

АҚШ пен Иран арасындағы бітімге келу фонында Қазақстанның ақша айырбастау пунктерінде доллар бағамы күрт өсті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Доллардың 8 сәуірдегі бағамы

Сағат 11:00-дегі жағдай бойынша Астананың ақша айырбастау пунктерінде доллар орта есеппен 475 теңгеден сатылып, 468 теңгеден сатып алынып жатыр. Алматыда америкалық валютаны сату бағасы 476 теңге болса, сатып алу орта есеппен - 473 теңгеден.

Айта кетейік, 7 сәуірде Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 460,37 теңге болып, 4,88 теңгеге төмендеді.

Сол күні Астананың ақша айырбастау пунктерінде доллар орта есеппен 463,96 теңгеден сатылып, 456,96 теңгеден сатып алынды. Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың орташа сату бағамы 464,33 теңге, ал сатып алу бағамы 461,73 теңге болған.

Доллардың 8 сәуірдегі ресми бағамы

Ұлттық банктің 8 сәуірдегі ресми бағамы - 460,37 теңге.

АҚШ пен Иран арасындағы бітімге байланысты мұнай бағасы арзандап жатыр

Еске сала кетейік, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға жасалатын соққыларды екі аптаға тоқтата тұруға келіскенін мәлімдеген болатын. Америка көшбасшысының айтуынша, бұл екіжақты оқ атуды тоқтату туралы келісім болмақ. Ақ үй басшысы Вашингтонның Тегераннан 10 пункттен тұратын ұсыныс алғанын және оны "келіссөздер жүргізуге негіз болатын құжат" деп санайтынын түсіндірді.

Иран тарапы өз кезегінде екі апталық бітім мерзімінде Ормуз бұғазының ашылуын қамтамасыз етуге дайын екендіктерін мәлімдеді.

Осыдан кейін мұнай бағасы күрт төмендеп кетті. Мәселен, 7 сәуірде Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 107-110 доллар аралығында болса, түн ортасынан кейін ол күрт арзандап, барреліне 93 долларға дейін төмендеді. Қазіргі уақытта Лондонның ICE биржасында Brent-тің маусымдық фьючерстері барреліне 94 доллар шамасында.

WTI маркалы мұнайдың құны 14 пайыздан астам арзандап, барреліне 95 долларға дейін түсті.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus