Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

“Сурет үшін“ - алматылықтар Терренкурдағы жайқалған гүлдерді таптап тастаған

Алматыдағы Терренкур саябағында егілген гүлдер бүлінді. Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Мән-жайы
Достық даңғылы мен Оспанов көшесі қиылысындағы тоған маңындағы жағдай әлеуметтік желілерде қызу талқыланған тақырыптардың біріне айналды. Пайдаланушылар тапталған гүлдер түсірілген кадрларды жариялап жатыр.
Пікір қалдырушылардың көбі наразылық білдіріп, қаланы абаттандыру нысандарын бүлдіргені үшін жауапкершілікті қатаңдатуға шақырды:

"Жұмысшылар әр гүлді өз қолдарымен егеді, олардың еңбегінің аяқ асты болғаны өкінішті".
"Меніңше, оларды тек айыппұлмен ғана емес, еңбекке жегу арқылы да жазалау керек. Гүлді таптадың ба, сиреньді сындырдың ба, табиғатта қоқыс шаштың ба – тиісті жазаңды алып, гүл егуге, суаруға, арам шөбін отауға, ағаштарды күтіп-баптауға, парктер мен қорықтарды тазалауға баруың керек".
"Ал камералар қайда? Фотоға түсемін деп бәрін жайпап жүргендерге неге айыппұл келмейді?"

Гүлзарлардың жай-күйі
Tengrinews.kz тілшілері жағдайды көру үшін Терренкурға барып қайтты. Алғашқы гүлдер егілген учаскелерде шынымен де зақымдалған жерлер байқалады.
Орнатылған қоршауларға қарамастан, кей жерлерде крокустар жапырылып, айналасындағы көгал тапталған.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Tengri Almaty (@tengri.almaty) жарияланымы


Әкімдіктің ұстанымы
Медеу ауданы әкімінің аппаратынан Терренкурды көгалдандыру жұмыстары өткен күзде жүргізілгенін, ал крокустар наурыздың аяғында гүлдей бастағанын хабарлады.
Сондай-ақ аудандық әкімшілік гүлзарлардың зақымдануының жекелеген жағдайларын тіркеп отырғандарын атап өтті. Өсімдіктерді қорғау үшін мамандар учаскелерді таспамен қоршап қойған.

"Терренкур" паркінің аумағына крокустар 2025 жылғы қазанда абаттандыру жұмыстары аясында егілген. Барлығы 27 мыңнан аса гүл отырғызылды. Гүлдеу наурыздың аяғында басталды. Қазіргі уақытта гүлзарларды таптаудың жекелеген жағдайлары байқалып отыр. Көшеттерді сақтау мақсатында учаскелер таспамен қоршалды", – деп хабарлады әкімдіктен.

Гүлдерді бүлдіргені үшін салынатын айыппұлдар
Билік өкілдері мұндай әрекеттер үшін жаза қарастырылғанын еске салды.

"Жасыл желектерді зақымдау абаттандыру қағидаларын бұзу болып табылады және ӘҚБтК-нің 505-бабы 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады", – деп толықтырды әкімдіктегілер.

Баптың санкциясы бойынша келесідей жаза түрлері қарастырылған:

жеке тұлғалар үшін ескерту немесе 20 АЕК мөлшерінде айыппұл (2026 жылға 86 500 теңге);шағын кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар үшін – 30 АЕК (129 750 теңге);орта кәсіпкерлік субъектілері үшін – 40 АЕК (173 000 теңге);ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін – 100 АЕК (432 500 теңге).

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus