Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Астанада Мыңжылдық аллеясының құрылысы басталды: алғашқы кадрлар

Астанада "Мыңжылдық" аллеясындағы жұмыстардың бірінші кезеңі басталды. Қалалық ортаны дамытуға бағытталған бұл жоба елордадағы ең ірі нысандардың бірі болмақ: болашақ аллеяның ұзындығы 4 шақырымнан асады. Tengrinews.kz тілшісі құрылыс алаңына барып қайтты.
Жұмыс бір мезгілде екі жерде: Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық-драма театрының маңында және "Нұрлы жол" вокзалының жанында басталды.Құрылыс алаңынан ауыр техникаларды байқадық. Тракторлар, экскаваторлар мен тиегіштер болашақ желілік саябақтың негізін дайындап жатыр. Ауқымды аумақ қоршауға алынған.Әкімдіктің мәлімдеуінше, жобаның басты идеясы - қала тұрғындары мен қонақтары таза ауада қауіпсіз демала алатын көліксіз кеңістік құру.
Фото © Tengrinews.kz / Маржан Қуандықова
Фото © Tengrinews.kz / Маржан Қуандықова
"Мыңжылдық" аллеясы аллеясы қаланың қоғамдық кеңістік жүйесінің бір бөлігіне айналады деп күтіліп отыр.
Фото © Tengrinews.kz / Маржан Қуандықова
Фото © Tengrinews.kz / Маржан Қуандықова
Астана әкімдігі Tengrinews.kz редакциясына жобаның эскиздерін ұсынды. Әкімдік ақпаратынша, көгалдандыруға, ыңғайлы жаяу жүргіншілер маршруттарын ұйымдастыруға және заманауи қалалық ортаны қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді.
Астана әкімдігі ұсынған
Астана әкімдігі ұсынғанӘкімдіктің хабарлауынша, алдағы уақытта абаттандыру жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіледі: аллеяның жекелеген учаскелері біртіндеп өзара "түйістіріліп", тұтас әрі үзіліссіз кеңістікке айналады.
Астана әкімдігі ұсынған
Мән-жай
Жоспар бойынша "Мыңжылдық" аллеясы елорданың оң жағалауындағы Сулы-жасыл желекті бульвардың жалғасы ретінде үлкен әрі жайлы жасыл саябаққа айналуға тиіс еді.2023 жылғы 11 шілдеде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астананы дамыту мәселелері жөніндегі кеңес өткізді. Президент басқа да мәселелермен қатар "Мыңжылдық" аллеясын жүйелі түрде дамытуды шұғыл қолға алуды тапсырды.

"Мыңжылдық аллеясы жоспар бойынша елорданың басты нысандарының бірі болуы керек еді. Іс жүзінде біз талғамсыз безендірілген ғимараттары бар, айналасы лас, ағаш орнына қураған шыбықтар егілген және инженерлік инфрақұрылымында түйткілдері көп екі көшеге ие болдық", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus