Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Тегеран Трамптың 48 сағаттық ультиматумына жауап берді

Иран билігі АҚШ президенті Дональд Трамптың екі тәуліктен кейін аяқталатын ультиматумына қатаң жауап қатты. Мұндай ұстанымды ирандық бірнеше жоғары лауазымды тұлға мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DW-ге сілтеме жасап.
4 сәуірде Трамп Иранның АҚШ-пен мәмілеге келуіне 48 сағат қалғанын тағы еске салды. Оның айтуынша, егер талап орындалмаса, артынша жойқын шабуыл жасалуы мүмкін.

"Мен Иранға мәміле жасауға немесе Ормуз бұғазын ашуға он күн бергенімді ұмытпаңыздар. Уақыт өтіп барады. 48 сағаттан кейін олардың басына тозақ орнайды", - деп жазды АҚШ президенті Truth Social желісінде. Бұл мазмұн Reuters пен AP материалдарында да келтірілген.

Тегеран бұл ультиматумды қабылдамай, АҚШ президентінің өзіне қатаң ескерту жасады.

"Иран сені де, сарбаздарыңды да тозақтың түбіне жібереді. Сендерге лайық орын сол", - деп жазды X әлеуметтік желісінде Иран парламентінің ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комитетінің төрағасы Эбрахим Азизи.

Ал Иранның жоғары әскери қолбасшылығы өкілі генерал Әли Абдоллахи Алиабади АҚШ президентін "агрессив әрі соғысқұмар" деп атап, оның Иран инфрақұрылымы мен активтеріне қоқан-лоқы жасап отырғанын айтты. Оның сөзінше, егер АҚШ тарапынан жаңа соққылар жасалса, онда америкалықтар үшін "тозақ қақпасы ашылады".
Бұған дейін, 22 наурызға қараған түні де Трамп Тегеранға 48 сағаттық ультиматум қойған болатын. Сол кезде де ол Ормуз бұғазындағы шектеулерді алып тастауды талап етіп, орындалмаған жағдайда Иранның энергетикалық нысандарына соққы берілетінін айтқан. Кейін Ақ үй басшысы келіссөздерге сілтеме жасап, бұл мерзімді бірнеше рет кейінге шегерген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus