Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Екі үй, екі мәйіт және бала: Майқайыңдағы адамшошырлық оқиғаға қатысты жаңа дерек айтылды

Павлодар облысы Майқайың кентінде көрші орналасқан екі үйден ұзақ уақыт жатқан екі мәйіт табылды. Даулы ісс бойынша тергеу қай баптар бойынша жүргізіліп жатқаны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Істің мән-жайы
Сұмдық оқиға туралы ақпарат 13 ақпанда шықты. Майқайың кентінде ер адам мен әйел адамның мәйіті табылған. Алдын ала деректер бойынша, олардың бірінің шамамен екі жыл бұрын, екіншісі бірнеше ай бұрын қаза болуы мүмкін.
Кейін полицияға бұған дейін дәрігерлер жүгінгені анықталды. Себебі отбасы мүшелерінің бірі ұзақ уақыт бойы қабылдауға келмей, байланысқа шықпаған, үйге барғанда медицина қызметкерлеріне ешкім есік ашпаған.
Мәйіттердің бірі табылған үйде егде жастағы әйел, оның үлкен қызы және алты жастағы немересі тұрған. Кейін әлеуметтік желілерде мәйіттердің суреттері тарады. Сондай-ақ, кішкентай қыз ұзақ уақыт анасының сүйегі жатқан бөлмеде тұрған деген ақпарат шыққан.
Бұдан бөлек, мессенджерлерде кішкентай қыз әжесіне анасы мен атасының мәйіттерін бал мен май жағып өңдеуге көмектескені туралы деген аудиохабарлама да тараған. Алайда бұл ақпарат ресми түрде расталған жоқ.
Оқиға бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Үй иесі - егде жастағы әйел мен оның үлкен қызы полиция бөліміне жеткізіліп, кейін қажетті сараптамалардан өтуге жіберілген.
Егде жастағы әйел қандай күдікке ілінді?
Өңірлік полиция департаментінің мәліметінше, даулы іс "Қайтыс болған адамдардың денесін және олар жерленген орындарды қорлау" және "Алаяқтық" баптары бойынша тергеліп жатыр.

"Қазір қажет тергеу шаралары, соның ішінде сот-психологиялық және сот-психиатриялық сараптамалар жүргізіліп жатыр. Олардың нәтижесіне қарай процестік шешім қабылданады. Екі әйел де арнайы психиатриялық диспансерге орналастырылып, ем қабылдап жатыр", - деді Tengrinews.kz тілшісіне Павлодар облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Сафуан Жампейсов.

Бұл баптар бойынша 3 мың АЕК-ке дейін айыппұл салу, не 6 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру жазасы қарастырылған.
Бала қазір қайда?
Күдікке ілінген әйелдің 6 жастағы немересі тексеру үшін ауруханаға жатқызылған.
Бала дәрігерлердің бақылауында болған кезде туыстары оның анасы мен атасын жерлеу рәсімін ұйымдастырған.
Қазір қыз Екібастұздағы "Үміт" балаларды қолдау орталығында тұрып жатыр, наурыздан бері мектепалды сыныпқа барып жүр. Мамандардың айтуынша, бүлдіршінде психикалық ауытқу белгілері жоқ, ол санай алады және барлық әріпті таниды.
Бұған дейін Майқайың тұрғындары бұл отбасының ешкіммен араласпағанын және үйіне бөтен адамдарды кіргізбегенін айтқан. Іс бойынша тергеу жалғасып жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus