Гүл туралы ертегі
Баяғды мекендеген үндіс апачилердің онейда атты тайпасында гүл туралы мынадай аңыз болған екен. Жас аңшы өз тайпасындағы бір сұлу қызға ғашық болады. Алайда оған қыз жауап қатпайды.
– Аспандағы жұлдызды садақпен атып түсірсем, мендік боласың ба? – деп бір күні жігіт қыздан сұрайды,
Бұрын-соңды мұндай ұсынысты естіп көрмеген тәкаппар қыз аңшыны сынамақ болған ниетпен ұсыныс қабыл алады. Бұл жаңалық бүкіл тайпаға таралады.
Халық жігіттің бұл ұсынысына күліп, мазақтай бастайды. Намысшыл жігіт сөзінде тұратындығын айтып, күлгендері сендірмек болады.
– Кешкісін шалғындыққа келіңдер, өз көздеріңмен көресіңдер,- деп барлығын шақырады.
Сонымен кеш те түседі. Халық та шалғындыққа жинала бастайды. Қыз да қалмай келеді....