Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

“Тынышырақ болады деп үміттенгем“: астаналықтар LRT-дан шыққан “шуды“ қызу талқылап жатыр

Астанада жеңіл рельсті көлік (LRT) жүйесін тест режимінде іске қосу жұмыстары жалғасып жатыр. Осы ретте әлеуметтік желілерде күтпеген дау туындады. Қала тұрғындары жаңа көліктің қаншалықты "тыныш" екенін қызу талқыға салған, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Тест режимінде іске қосылған пойыздың видеосын Threads және басқа да желі қолданушылары жариялап жатыр. Солардың бірін желі бойына жақын жерде тұратын issaakmusic есімді қолданушы жариялаған.

"Тынышырақ болады деп үміттенген едім, бірақ олай болмай шықты. Терезе жабық болса қалыпты, ал ашық тұрғанда пойыздың өткені бірден байқалады", - деп жазды ол.

Мұндай жазбалар лезде ондаған пікір жинап жатыр. Тұрғындар "дауысы мүлдем естілмейдіден" бастап "ұшақтың дауысына" ұқсайды деген секілді әртүрлі пікір айтқан.
"Көліктің ішінде де естіледі" және "ұшақ құлап бара жатыр ма деп ойладым"Қолданушылардың бір бөлігі дыбыстың тіпті алыс қашықтықта да айқын естілетінін жазған.

"Шу қатты шығады, көліктің ішінде отырып-ақ естисің","Қасынан өтіп бара жатып, ұшақ төмен ұшып бара жатыр ма деп ойлап қалдым".

Басқалары мұны конструкцияның ерекшеліктерімен түсіндіреді: пойыз сағатына 80 шақырым жылдамдықпен жүреді, ал толыққанды шу оқшаулағышы жоқ ашық эстакадалар дыбысты күшейтуі мүмкін.

"Бұл - физика: металл металға тиген соң шу мен діріл болады. Оның үстіне жолдар ашық, шудан қорғайтын қалқандар жоқ", - деп жазады пікір қалдырушылар.


"Жақын жерде тұрамын - дыбысы жоқтың қасы"
Сонымен қатар бұған қарама-қайшы пікірлер де бар. Желіге тікелей жақын орналасқан үйлердің кейбір тұрғындары шу деңгейі өте төмен екеніне сендіреді.

"Мен LRT маңында тұрамын, терезелерім тура жолға қарап тұр - терезе ашық болса да әрең естіледі","Тіпті сыртта қасынан өткенде де қатты шу жоқ",

Олардың айтуынша, дыбыс бар, бірақ ол үйреншікті қалалық шудың деңгейінен аспайды.

Оператор не дейді?
Жоба операторы болып табылатын CTS компаниясы қазіргі уақытта тұрғындардан ресми шағым түспегенін мәлімдеді.

"Жобаны іске асыру аясында шу мен дірілді азайтуға бағытталған шешімдер қолданылды. Жүйе халықаралық стандарттарға сәйкес келеді", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus