Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Амнистия бойынша кімдердің қарызы кешіріледі: сенатор алғашқы “тізімді“ айтты

Қазақстанда алғаш рет айыппұлдарды кешіру бойынша әкімшілік амнистия жасалмақ - қазіргі уақытта бастама талаптарын жұмыс тобы талқылап жатыр. Сенатор журналистерге мұның егжей-тегжейін айтып берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Амнистияның қалай жүзеге асатыны туралы үкімет кулуарында Сенат депутаты Марат Қожаев айтты. Оның сөзінше, қазір әртүрлі мемлекеттік органнан ұсыныс жиналып, соңғы үлгі әлі қалыптасып жатыр.
Кімдер босатылады?
Талқылаудың қазіргі кезеңінде халықтың әлеуметтік осал топтарына басымдық беріліп отыр.

"Бірінші кезекте әлеуметтік осал топтарға - ардагерлер, мүгедектігі бар адамдар, көпбалалы отбасылар мен өзге де санаттарға амнистия жасау туралы ұсыныстар түсіп жатыр", - деді Қожаев.

Тізім әлі де толығуы мүмкін: нақты шешім барлық ұсыныс сараланғаннан кейін қабылданады.
Айыппұлдар кешіріле ме?
Басты жаңалық - айыппұлды есептен шығару мәселесі талқыланып жатыр. Сенатордың айтуынша, егер қоғамға қауіп төндірмейтін болса, әкімшілік істердің кең ауқымы қамтылуы мүмкін.

"Егер бұл адамдарға қауіп төндірмейтін болса, әкімшілік әділеттің барлық дерлік субъектісі бойынша айыппұлды есептен шығаруға болады", - деді ол.

Талқылау барысында бюджет шығыны мәселесі де көтерілді. Алайда, Қожаев айыппұлдың мәні қазынаны толтырумен шектелмейтінін айтты.

"Бұл бюджет түсіміне әсер етеді деген қауіп бар. Бірақ айыппұл тағайындаудың басты мақсаты бюджетті толтыру емес, құқық бұзушылықтың алдын алу", - деді сенатор.

Қазір не белгілі?
Бұл бастама Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша әзірленіп жатыр. ІІМ мәліметінше, амнистия аясында жеке тұлғалардың төленбеген айыппұлын толық немесе ішінара есептен шығару жоспарланған.
Премьер-министр Олжас Бектенов Ішкі істер министрлігіне, Әділет министрлігі мен Бас прокуратураға екі апта ішінде амнистия механизмі бойынша ұсыныс енгізуді тапсырған болатын.
Амнистия тек азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндірмейтін құқық бұзушылықтарға қатысты болады.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus