Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Трамп Ормуз бұғазы ашылмаса, Иранның электр станцияларына соққы жасайтынын ескертті

АҚШ президенті Дональд Трамп 48 сағат ішінде Ормуз бұғазы кеме қатынасы үшін ашылмаса, Иранның электр станцияларына соққы жасалатынын ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұған дейін Трамп соғысты "тоқтату" туралы айтқан болатын, ал Израиль соққылардың "айтарлықтай күшейетінін" мәлімдеді.

"Егер Иран осы сәттен бастап 48 сағат ішінде Ормуз бұғазын қауіп-қатерсіз толық ашпаса, Америка Құрама Штаттары соққы жасап, олардың әртүрлі электр станцияларын жойып жібереді!" - деп жазды Трамп әлеуметтік желіде.

Иран тарапынан шабуыл қаупі көптеген кеменің бұғаз арқылы өтуіне мүмкіндік бермей отыр. Бұл - әлемдік мұнай мен сұйытылған табиғи газ жеткізілімінің шамамен бестен бірі өтетін тар су жолы. Мұндай жағдай жаһандық энергетикалық дағдарыс қаупін күшейтеді.
Ормуз бұғазының жабылуына байланысты өткен аптада Еуропада газ бағасы бірден 35 пайыз өсті.
Израиль билігі ирандық күштердің алғаш рет алыс қашыққа ұшатын зымырандарды қолданғанын мәлімдеді. Бұл Таяу Шығыстан тыс аумақтарға да шабуыл қаупін арттырды.
Сенбіде кешке Иран зымырандары Израильдің оңтүстігіндегі Димона мен Арад қалаларына соққы берді. Соның салдарынан балаларды қоса алғанда, ондаған адам жарақат алды.
Жексенбіде таңертең жарияланған мәлімдемеде Иран Ислам революциясы сақшылары корпусы зымырандардың нысанасы Израильдің оңтүстігіндегі "әскери нысандар" мен қауіпсіздік орталықтары болғанын хабарлады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus