Қазіргі заманның батырлары
Біз өмір сүріп жатқан кезең – бейбіт заман. Еліміз тыныш, халық тату-тәтті өмір кешіп жатыр. Бұрынғы дәуірлерде елін, жерін қорғап, жауға қарсы шапқан ержүрек жандарды «батыр» деп атаған. Бұл сөздің астарында үлкен құрмет пен мәртебе жатыр. Батыр атағы кез келген адамға берілмеген. Ал бүгінгі заманда батыр деп кімді айта аламыз?
Қазіргі батырлар қолына қару ұстап, соғыс майданында ерлік көрсетпейді. Олар – қоғамға пайдасын тигізіп, қиындыққа қарамастан жауапкершілік көтере білетін жандар. Мәселен, адам өмірін арашалап жүрген ақ халатты абзал жандар – нағыз батырлар. Дәрігерлердің ерлігі әсіресе 2020 жылғы коронавирус індеті кезінде айқын көрінді. Олар өз өмірін қатерге тігіп, халықтың...